Қазақстанның Қорғаныс министрі Біріккен Ұлттар Ұйымы операциялары үшін отандық Қарулы күштердің стратегиялық тасымалдау
әлеуетін пайдалануды ұсынды. Сондай-ақ, осындай мүмкіндіктері
бар елдермен авиациялық қана
емес, сонымен қатар әскери-теңіз, құрлық
компоненттерімен ұзақ
мерзімді келісім жасау қажет. Министр
Руслан Жақсылықов бұл бастамаларды Ұйымның Берлиндегі министрлік
конференциясында көтерді. Ведомство
басшысы қазір Қазақстанда бітімгерлерді даярлау үшін толыққанды мүмкіндік бар
екенін айтты. Алқалы жиында тараптар бейбіт
тұрғындарды қорғау, бітімгерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әйелдердің
бітімгерлік операцияларға қатысуы жөнінде
пікір алмасып, тәжірибе бөлісті.
Айта кетейік, конференция тарихында БҰҰ-ның ресми
ағылшын, француз, испан, орыс, араб және қытай тілдерімен тең дәрежеде қазақ тіліндегі
баяндама тұңғыш рет жасалды.

