Қазақстандықтарға халықаралық жүргізуші куәлігі беріле бастайды

Қазақстандықтарға халықаралық жүргізуші куәлігі беріле бастайды

Қазақстандықтар халықаралық жүргізуші куәлігін ала алады. Бүгінде еліміздің Ішкі істер министрлігі мемлекеттік қызметті іске қосу бойынша жұмыс істеп жатыр. Республикада халықаралық жүргізуші куәліктерін беру жол қозғалысын реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізілетін болады. Айта кетейік, 1968 жылы Венада жол қозғалысы туралы конвенцияға сәйкес Қазақстанның ұлттық жүргізуші куәлігі қол қойған елдерде жарамды. Қазіргі уақытта ол тізімге 80-нен астам ел кіреді. Сондай-ақ қазақстандық жүргізуші куәлігі Жапония мен Үндістанда жарамды.