Астанада «Орталық Азия – Қытай» саммиті басталды

Астанада «Орталық Азия – Қытай» саммиті басталды

Астанада «Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті өтіп жатыр. Алқалы жиынға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Қытай басшылары қатысуда. Саммит жұмысын ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттерінің өзара сенімі мен ортақ күш-жігерінің нәтижесінде тату көршілік қарым-қатынасқа, достық пен қолдауға арқа сүйеген ынтымақтастықтың үлгісі қалыптасқанын айтты. 80 миллиондай халқы бар, ішкі жалпы өнімнің көлемі 500 млрд долларға жуықтаған нарыққа ие және табиғи ресурстарға бай, өңір халықаралық қатынастардың, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастықтың маңызды субъектісі ретінде өз позициясын бірте-бірте нығайтып келеді. Осынау оң үдерісте Қытаймен сан қырлы ықпалдастық негізгі рөл атқарады, - деді Президент. Қатысушылар сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, транзиттік интеграцияны дамыту секілді өзге де мәселелерді талқылайды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?