Бұл бірегей әдістеме жасанды интеллект негізіндегі робототерапия, ол аутизм
спектіріндегі балаларды оңалтуға арналған. Жобаның авторы – Назарбаев
Университетінің инженері Анар Сандығұлова. Оның айтуынша, роботты жасау
жұмыстары 2018 жылы елордадағы балаларды оңалту орталығы базасында басталған.
Сол кездін өзіңде ақылды көмекшінің балалармен қалай тіл қату керектігі белгілі
болды. Робот баланың назарын аударып қана қоймай, диалог жүргізудіде үйретеді.
Ал, ең басты артықшылығы – баламен көз деңгейінде сөйлесе алуы, әсіресе көзге
тіке қараудан қашатын балалар үшін бұл аса маңызды. Жобаға авторлық құқық
беріліп, Швецияда жоғары бағаланған. Енді АҚШ пен ЕО елдерінде патент алу
жоспарда бар.
Анар
Сандығұлова, NU
Робототехника кафедрасының профессоры:
- Роботта камералар бар, біз баланың күлімсіреуін және
көзқарасын анықтаймыз. Яғни ол роботтың көзіне қарай ма, соны бақылаймыз,
тіркейміз. Бізде құрылымдық жоспар бар, мұғалімдердегі сияқты әр сабаққа арналған
жұмыс жоспары жасалған. Мысалы, біз ертегі айтудан бастаймыз, кейін «маған
қолыңды тигіз» ойынына көшеміз. Онда робот баладан «басыма қолыңды тигізші»,
«қолыма қолыңды тигізші», «аяғыма қолыңды тигізші» деп сұрайды.
Ал, Атыраулық оқушы қашықтан оқытуға арналған смарт-робот ойлап тапты.
Бекарыс Ерікұлы жасаған құрылғы бейнесабақтар өткізе алады, оқу материалдарын
көрсетеді, тіпті бұйрық бойынша қозғала алады. Құрылымның қолданылуы қарапайым.
Ақылды көмекші смартфон арқылы Bluetooth-бен басқарылады, ал Wi-Fi арқылы
бейнеқоңырауға шығады. Оқушы мұндай аппараттар тек мектептерге ғана емес,
ауруханаларға, мемлекеттік мекемелерге және қызмет көрсету орталықтарына да
қажет деп сенеді. Ендігі мақсат роботты
жасанды интеллектпен жабдықтап, толықтай тәуелсіз ету.
Бекарыс Ерікұлы, жоба авторы:
- Менің роботым 5 жылдан 10 жылға дейін жұмыс істей
алады. Қазірдің өзінде менің жеке сайтым бар, сол арқылы роботтың көмегімен
дәрігер немесе кез келген маман өз жұмысын қашықтан атқарып, клиенттермен
сөйлесе алады. Ал, оқушылар мен мұғалімдер үшін бұл онлайн байланыста болып,
сабақ өткізуге мүмкіндік береді.

