Биыл Қазақстанда кітапханаларға арналған бірыңғай цифрлық тұғырнама
пилоттық режимде жұмыс істей бастайды. Бірінші кезекте, ол ірі кітапханалардың
базасында жұмысын бастамақ. Айта кетсек, бүгінде 11 мың кітапханалар ақпараттық
жүйелер мен каталогтар қолданады. Автоматтандырылған бірыңғай алаң еліміздегі
кітап қорын бір тұғырнамаға жинауға мүмкіндік береді. Оның арқасында кітапсүйер
қауым кез-келген туындыны тауып немесе ғаламтор беттерінен оның цифрлық
нұсқасына қол жеткізе алады. Тұғырнамада, сондай-ақ, кітапхана қорын
онлайн-форматта толықтыруға болады. Бұл мүмкіндікті баспаханалар да қолдана
алады. Мәселен жаңа шыққан туындылар электронды тұғырнамада қосымша ақы төлеген
қолданушыларға қолжетімді болады. Осылайша, жеке баспаханалар мен авторлардың
құқығын қорғау жоспарлануда. Одан бөлек, биыл Қазақстанның бүкіл
кітапханаларының қорына жол ашатын бірыңғай электрондық оқу билеті енгізіледі.
Оған электронды үкімет порталы арқылы тіркеліп, ары қарай пайдалануға болады.