Қазақстан мен Чехия ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен Чехия ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен Чехия  сауда-экономикалық әріптестікті дамытуға ниетті. Тараптар машина жасау, көлік-логистика, ІТ салаларына басымдық беріп отыр. Астанада екі ел премьер-министрлері әріптестік әлеуетін талқылады. Олжас Бектенов пен Андрей Бабиш энергетика саласына ерекше назар аударды. Әсіресе, атом энергетикасындағы іскерлік байланыс талқыланды. Сондай-ақ тараптар көлік қатынасы әлеуетіне тоқталды. Еліміздің орналасуы мен Қазақстанның дамып келе жатқан көлік инфрақұрылымы чех бизнесі үшін Орталық Азия нарығына шығу мүмкіндігін ұсынады. Цифрландыру саласында GovTech және жасанды интеллектіні дамыту бағыттары бойынша бірлескен бастамалардың әлеуеті атап өтілді. «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестиция тарту және халықаралық бизнесті қолдау алаңы ретіндегі рөлі талқыланды. Екі елдің үкімет басшылары іскерлік байланыстарды нығайтуға дайын екендіктерін растады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?