Түркіменстанда жаңа су шаруашылығы нысандары іске қосылды

Түркіменстанда жаңа су шаруашылығы нысандары іске қосылды

Түркіменстанда Қарақұм өзенінің бойында жаңа стратегиялық гидроторап іске қосылды. Бұл нысан Ашхабадты үздіксіз тіршілік нәрімен қамтамасыз етеді. Оның өткізу қабілеті секундына 181 текше метрді құрайды. Гидротораптың тұрақты әрі сапалы жұмысы үшін озық технологиялық шешімдер қолданылды. Атап айтқанда қуатты гидрожабдықтар орнатылды, ал барлық жүйе ылғал мен тозудан қорғалған. Қызмет көрсетуші құрамның қауіпсіздігіне де ерекше назар аударылған. Сондай-ақ, Түркіменстанның Ахал уәлаятында екі жаңа заманауи су сорғы станциясы пайдалануға берілді. Олардапғы технологиялық үрдістер толық автоматтандырылған. Яғни,  сумен жабдықтау көрсеткіштерін басқару және бақылау компьютерлік жүйелердің көмегімен жүргізіледі. Бұл станциялардың тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Айта кетейік, жобаларды жүзеге асыру елдің су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту және халықты сапалы ауыз сумен қамту жөніндегі мемлекеттік стратегияның бір бөлігіне айналды.


Аннагулы Аннаев, Түркіменстан Су шаруашылығы мемлекеттік комитеті бірлестігінің маманы:

- Гидротехникалық кешенді басқару толығымен цифрландырылған. Жүйе үш бірдей - механикалық, автоматты және цифрлық режимде жұмыс істей алады. Соңғы екеуінде - барлық процестерді бақылау және суды реттеу диспетчерлік орталықтан, яғни қашықтан жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда қолмен басқару режимі де көзделген. Бұл жағдайда мамандар арнайы жабдықтардың көмегімен қақпақтардың жұмысын сол жерден-ақ дербес реттей алады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?