Қазақстандық ғалымдар бірнеше жыл бойы Қазақ хандығының құрылуына үлес
қосқан алпауыт империя – Жошы Ұлысын және оның тарихын терең зерттеп келеді.
Шетелдік мамандар да бұл үрдістен шет қалмауда. Оның біреуі «Алтын Орда»
зерттеу орталығының жетекшісі – Ильнур Миргалеев. Оның пікірінше,
қазақстандықтар көне түркі кезеңіне назар аударуы тиіс - ол қазақ
мемлекеттілігінің дамуына қатысты тың тұжырымдар береді. Тағы бір сарапшы –
Канадалық университеттің лекторы – Ли Джу Ёп. Ол өзінің ғылыми еңбектерінде
түркі халықтарының мұрасы мен олардың ерекшеліктерін зерттеуге баса мән берген.
Ғалым өзі анықтаған ғылыми деректерді қазақстандық тарихшылардың талқысына
ұсынды.
Ильнур Миргалеев, М.А.Усманов атындағы Алтын Орда және татар хандықтарын
зерттеу орталығының жетекшісі:
– «Алтын Орда», «Жошы
Ұлысы» Моңғол империясының бөлек бір ұлысы ретінде бастау алған. Сол себепті ол
бірден тәуелсіз болып кеткен жоқ. Бұл бірнеше тарихи кезеңге бөлінді. Оны 1207
жылдан бастап бірінші кезең деп бастауға болады. Сол кезде Шыңғыс хан өзінің
үлкен ұлы – Жошыға бөлек аумақты берді. Ұлт болып танылу үшін, әрі сол ұлттық
ерекшелікті сақтау мақсатында сүйенетін басты фактор – тарих, яғни, мемлекет
тарихы.
Ли Джю Юп, Торонто университетінің лекторы, Канада:
– Мен қолда бар ауызша мәліметтерге сүйене отыра зерттеу
жүргіземін. Ол Жошы және шағатай халықтарының мұрасына негізделген. Менің
жұмысымның басты мақсаты – қазақ халқына табылған мәліметтерді табыстау. Бұл
зерттеу маған моңғол, шағатай, жошы және кейбір осман-түркі тілдерін үйренуге
мүмкіндік берді.