Қазақстандық жас өнертапқыштар зағип жандарға арналған «ақылды көзілдірік» жасады. Ол айналадағы қозғалысты жасанды интеллект көмегімен анықтайды. Бірегей құрылғыны Түркістан қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары құрастырған. Келдібек Жанғали мен Айару Қалбек көзілдірікке GPS жүйесін орнатқан. Алда кедергі шықса ақылды жүйе иесіне алдын ала ескертіп, төңіректе не болып жатқанын жеткізеді. Сондай-ақ, қиындыққа тап болса, бірден Telegram қосымшасы арқылы жақындарына хабар жібереді.
Келдібек Жанғали, Оқушы:
- Бірінші прототипті жақсарту үшін екінші прототипті распирипай микрокомпьютері түрінде шығардық. Екінші прототипті біз үш ай жазда каникулда жасап, қыркүйек айында толықтай дайын болды.
Айару Қалбек, Оқушы:
- «Вижн АІ» ол тек инновациялық жоба емес, қазіргі таңдағы зағип жандардың өмірін жеңілдететін құрал болып табылады. Ол жасанды интеллект негізінде айналадағы заттарды таниды. GPS арқылы қолданушыны бағыттайды.

