Қазақстан аймақтарында су тасқынынан зардап шеккен
жандарға үй құрылысы басталып кетті. Мәселен, Ақтөбе облысында 695 жаңа баспана
бой көтереді деп жоспарлануда. Қобда ауылында 70 үйдің іргетасы қаланды.
Барлығы елді-мекенде 150 жанұя баспаналы болады. Жергілікті тұрғындар
кедтірілген шығынның өтемақысын да алып жатыр.
Гүлбағда Көбеева, Ақтөбе
облысы әкімінің баспасөз хатшысы:
– Су тасқынының салдарын жоюға арналған арнайы комиссия
құрылды. Облыстың су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына қазір жан-жақты
көмек көрсетілуде. Атап айтатын болсақ, бізде ең бірінші бір реттік әлеуметтік
төлем жүзеге асып жатыр. Ол қазіргі таңда 1881 азамат, 613 млн теңгеден астам
бір реттік төлем алып үлгерді. Арнайы комиссия шешімімен материалдық шығынды
өтеу бойынша, ол 213 ақтөбелік отбасыға 433 млн 284 мың теңге көлемінде ақша
шоттарына жіберілді.