Қазақстан Жапониядағы дүниежүзілік EXPO-2025 көрмесіне қатысып жатыр

Қазақстан Жапониядағы дүниежүзілік EXPO-2025 көрмесіне қатысып жатыр

Қазақстан Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан EXPO дүниежүзілік көрмесінде ұлттық павильонын ұсынды. Биыл ауқымды халықаралық шараға 158 ел мен 9 халықаралық ұйым қатысуда. Көрменің басты тақырыбы - «Біздің өміріміз үшін болашақ қоғамын құру». Қазақстан павильоны Оңтүстік Корея, Германия, Люксембург, Непал, Әзірбайжан, Иран, Монако және Түркия елдерімен бір тақырыптық кластерде орналасты. Еліміздің әлеуетін жаһанға танытатын көрме 3D мэппингтен бастап иммерсивті проекциялық шоуға дейін қамтитын бірнеше интерактивті аймақты біріктірген. Сондай-ақ, мұнда ағзаларды трансплантациялау саласындағы жаңалық – ALEM инновациялық құрылғысы ұсынылған. Бірегей отандық өнертабыс донорлық органдарды 24 сағаттан артық сақтауға мүмкіндік береді. Бұл бүгінде әлемде бар баламалы аппараттарға қарағанда әлдеқайда жоғары көрсеткіш. Демек, теңдесі жоқ қазақстандық құрылғы адам өмірін арашалап қалу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Көрме қазан айына дейін жалғасады. Ұйымдастырушылар жарты жылда оған 30 млн-ға жуық адам келеді деп болжап отыр.

Мен Қазақстан павильонында болдым. Көргенінмнің бәрі мені ерекше әсерге бөледі. Қазақстан жайында көптеген қызықты мәліметтер ұсынылған. Мені киіз үй негізінде құрылған павильоның өзі мен 3D - мэппинг таң қалдырды.

– Қазақстан - сарқырамалар, тау, кең байтақ дала мен әсем табиғаты бар ел. Мұнда елдің бірегейлігі мен ұлттық құндылықтарымен, бүгінгі заманауи келбетімен жақын таныстым.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?