Алматы облысының тауларында құтқарушыларға арналған инновациялық үйлер пайда болады. Олардың бірі Үлкен шатқалындағы Күмбелсу су бақылау бекетінде, екіншісі Батандағы Түргенде орналасады. Олар жетуі қиын аудандарда, яғни 2 мың метр биіктікте жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Мұнда құтқарушылар аймақ тауларындағы су тасқыны мен сел белсенділігі кезеңінде тәулік бойы бақылау жүргізеді. Капсулалық үй автономды жылумен, жарықпен жабдықталған және таулы жерлердің ерекшеліктерін ескере отырып жылытылған. Мұнда жұмыс аймағы, ас үй, дәретхана және жатын бөлме бар.
Шыңғыс Аринов, ҚР Төтенше
жағдайлар министрі:
- Біз бұл үйлерді әлеуметтік
жауапты бизнесмендерден аламыз. Олар нысандарды қазақстандық құтқарушылар
қорына берген. Бұрын осы шатқалдарды қыс мезгілінде бірнеше аптаға жауып
тастайтынбыз. Сол кезде көптеген туристер, демалушылар тарапынан шағым түсетін.
Олар жолдан өте алмайтындарын айтатын. Біз кезекшілікті және бақылауды
күшейттік. Ұшу жұмыстары мен, көшкін қаупі бар учаскелерде алдын алу іс шараларын
күшейттік.

