Түркістандық студент оқушыларға кәсіби бағдар беретін құрылғы ойлап тапты. Оның көмегімен электроника, мехатроника, автоматтандыру және бағдарламалау сынды түрлі инженерлік және техникалық бағыттардың негіздерімен танысып, тәжірибелік тапсырмаларды орындауға болады. Елдегі Кентау политехникалық колледжінің студенті Ұлықбек Бахтияров ASAR-1 деп атаған өнертабысын 6 ай бойы құрастырған. Бірегей құрылғыға 22 түрлі датчик пен компонент қойылған. Жоба авторы бұл жұмысын патенттеп, отандық нарыққа шығаруды жоспарлап отыр.
Ұлықбек Бахтияров, жоба авторы:
- «13 профессияны үйренуге болады бұл стендпен. Осы арқылы студент өзін әр түрлі мамандықта көріп шыға алады. Қазіргі заманда көбіне школьниктерде проблема өз мамандығын білмейді. Ал, мынау стенд осы проблеманы шешіп бере алады. Оқушы осымен жұмыс істеп, өзіне ұнаған мамандығын тауып алса, сразу 11-ден кейін кетіп, өз мамандығымен жүре алады».
Әлихан Сұлтанбаев, Кентау политехникалық колледжінің директоры:
- «Білімді жастарды жинап, оларға қолайлы жағдай жасап, өздерінің идеяларын
жүзеге асыруға бағыт-бағдар беру жұмысын ұйымдастыру. Аталған жобадағы менің
мақсатым осы болды. Қазіргі таңда бұл жоба стартап жобалар байқауына,
олимпиадаларға қатысу үстінде».

