Астанада Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және
Қытай студенттері инновациялық жобаларын ұсынды. Жас ғалымдардың тың бастамалары
ауыл шаруашылығы саласындағы цифрлық шешімдер, агрокәсіпкерлікті және туризмді
дамытуға арналған озық технологиялар мен заманауи IT шешімдерге негізделген. Бұл
- халықаралық байқаудың Орталық Азиялық кезеңі. Ақтық сыны аспан асты елінде
өтеді. Қытай үкіметі соңғы 10 жылдан бері жастар арасында осындай жобаны қолға
алып келеді. Жеңімпаздар өз идеяларын жүзеге асырып, нарыққа шығу үшін
жан-жақты қолдау алады. Сонымен қатар, байқау аясында Қазақ агротехникалық
зерттеу университетінің қабырғасында «Қытай-Орталық Азия» жастар лагері
ұйымдастырылды. Ол бір алаңда 100-ден астам жас ғалымды біріктірді. Айта
кетейік, бұл іс шаралар Астана келесі аптада қабылдайтын «Орталық Азия - Қытай»
саммиті қарсаңында өтуде.
Жанна Булхаирова, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ғылым және инновациялар
департаментінің директоры:
- Біздің студенттеріміз өздерінің стартаптарын аброймен қорғап жатыр. Сонымен
қатар, байқау Қытай және Орталық Азия студенттері үшін пікір алмасу алаңына
айналды. Өзара қарымс-қатынас орнатуда. Болашақта
біздің стартаптарымыз халықаралық нарыққа шығады деп үміттенеміз. Көптеген
елдермен белсенді халықаралық ынтымақтастық жүргізіп келеміз. Мысалы, аспан
асты елімен бірлескен қазақстандық-қытайлық зертхана бар.

