Жасанды интеллект көз жанарынан айырылғандар мен көру
қабілеті нашар жандарға көмектеседі. Қазақстандық ғалымдар инклюзивті гид ойлап
тапты. Жасанды инттеллект негізіндегі ақылды құрылғы кез-келген жерде бағыт беріп,
жол табуға көмектеседі. Тек, нысанның картасын жүктесе болғаны. Ал, ішіне
орнатылған лазер мен камера бөлмелердегі QR-кодтар бойынша жол сілтейді. Осы
кезде гид арнайы құлаққапқа ақпарат береді. Жүйе интернет қолжетімсіз болған
жерлерде де, қуаттаусыз 5 сағатқа дейін дербес жұмыс істей алады. Пайдалы
әзірлемелер ENU AI Expo - жасанды интеллект саласындағы жетістіктер көрмесінде
таныстырылды. Ұсынылған тағы бір жоба - «электронды мұрын». Жасанды иіс сезу
жүйесі қоршаған ортаға кері әсері бар зиянды қалдықтарды мониторингілеуге және
өнімдердің сапасын анықтауға мүмкіндік береді.
Әлия Исайнова, Зерттеу тобының мүшесі:
– Біздің мақсатымыз импортты алмастыратын қымбат құралдар
жасауға бағытталған, яғни осындай нанотехнологиялар, AI және IoT-жүйелер сияқты
үш басты бағытты біріктіру. Бұл жүйе газдарды анықтайтын сенсорларды әзірлеу
негізінде құрылған. Олар деректерді өңдеп электрондық сенсорларда ұсынады және
қандай зиянды қалдықтар бар екенін айтады.
Онлайн оқытудағы лектор-аватар, SignBridge - виртуалды
көмекшімен бірге мәтіндерді қазақ ымдау
тіліне аударуға көмектесетін жоба. Көрмеде ұсынылған барлық әзірлемелер ЖИ мүмкіндіктерін
дәріптеуге, сондай-ақ тәжірибе алмасуға бағытталған.
Лейла Сәбитова, ЕҰУ Онлайн оқыту департаментінің
директоры:
– Біз бір-бірімізге қарап отырған жоқпыз. Бұл көбіне бір-бірімізден үйреніп жатқандығымыздың белгісі болса керек. Болашақта коммерцияландыру тұрғысынан кейбір ЖИ-агенттеріне ұсынатын өтінімдеріміз бар. Көбін әсіресе инклюзивті гид қызықтырып отыр. Әзірге тек қазақ тілінде жұмыс істейді. Оны кез келген тілге бейімдеуге болады, бірақ бізді қазақстандық қоғам мен отандық жасанды зейіннің дамуы қызықтырады. Сондықтан, барлық көмекші агенттерінің 90% қазақ тілінде әзірленген.

