Алматыда «ABAI ULTTYQ MEKTEBI» алғашқы ұлттық мектебінің құрылысы басталды

Алматыда «ABAI ULTTYQ MEKTEBI» алғашқы ұлттық мектебінің құрылысы басталды

Қазақстанда дарынды балаларға арналған алғашқы «ABAI ULTTYQ MEKTEBI» ашылады. Жаңа білім ошағы 900 оқушыға шақталған. Аталған нысан Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматы қаласында бой түзейді. Оқу мекемесін келер жылы қолданысқа беру жоспарланған. Оның жұмысы Абай философиясына, оның «бес асыл іс» идеясына негізделмек. Оқу үрдісі қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқуға бағытталған.  

Гүлсила Мұздыбекова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің басқарма басшысы:

- «ABAI ULTTYQ MEKTEBI» заманауи білім кеңістігінде бәсекеге қабілетті жастар оқитын білім беру ұйымына айналуы қажет. Ол Мемлекет басшысының «Адал азамат» тұжырымдамасы мен «Абайдың толық адам» іліміне сәй патриоттардың жаңа буынын қалыптастыруға, мемлекет басқарудың қазақстандық элитасын тәрбиелеуге бағытталған. Қазіргі уақытта біртұтас «ABAY-Programme» бағдарламасы әзірленуде. Онда қазақ тілін және бірнеше шет тілін тереңдетіп оқытуға басымдық берілген.

Бұл ретте мектеп инфрақұрылымында пансион, мұғалімдер үйі, кітапхана, спорт кешені, жылыжай аумақтары және тағы басқа құрылыс нысандары қарастырылғанын айта кеткен жөн.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?