Қазақстандық оқушылардың IT жобасы халықаралық байқауда топ жарды

Қазақстандық оқушылардың IT жобасы халықаралық байқауда топ жарды

Қазақстандық оқушылар гаджеттердегі файлдарды сұрыптап беретін бағдарлама ойлап тапты. Жас ғалымдардың жасанды интеллектке негізделген тың жобасы Үндістанда өткен халықаралық стартаптар байқауында топ жарып, арнайы грант ұтып алды. Оны Нұрасыл, Әлібек, Кирилл есімді шымкенттік мектеп оқушылары жасаған. Бір сыныпта оқитын үш жігіттің өнертабысы әсіресе компьютермен көп жұмыс істейтін жандар үшін таптырмас жаңалық. Өйткені көп жағдайда гаджетке сақтаған құжатыңызды таппай әуреге түсесіз. Оған қоса кейбір файлдардың атауы да бірдей болады. Ал бұл заманауи әзірлеме том-том ақпаратты жүйелеп, ретке келтіреді.

Нұрасыл Жұмахан, Оқушы:

- Бағдарламаға таудағы сруттерді тауып бер деп жазып, сұрау жібересіз. Біздің жасанды интеллект қабылдап, оны бөлек папкаға сұрыптап бөлек файл қылып сақтап қояды. Яғни, сіз осы арқылы уақытыңызды үнемдейсіз. Ол мәтіндегі сандарды, жазбаларды немесе символдарды сұрыптап сізге керекті нұсқаны жібереді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?