Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады

Қазақстанда жасанды интеллект университеті құрылады. Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Оқу орны Alem.ai экожүйесіне біріктіріліп, жетекші шетелдік университеттермен және технологиялық компаниялармен бірігіп дамиды. Айта кетейік, бұдан бөлек, елдегі 95 жоғары оқу орны оқу жоспарына жасанды интеллектке қатысты пәндерді енгізген. Сонымен қатар, 30 жоғары оқу орны АІ бағыты бойынша 42 білім беру бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Ал, оқытушылық құрамының 54%  жасанды интеллект бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Негізгі мақсат – профессор-оқытушылар құрамын жасанды интеллект бойынша біліктілікті арттыру бағдарламаларымен 100% қамту және 100 мың студентті тарта отырып, екінші этапта AI-Sana бағдарламасының екінші этабын бітіруіміз керек. Үшінші, төртінші этапқа бірден қосылып Астана хаб экожүйесіне кемінде 1,5 мың жоба әзірлеп  беруіміз керек биыл. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?