Қазақстандық студенттер АҚШ беделді байқауында жеңіске жетті

Қазақстандық студенттер АҚШ беделді байқауында жеңіске жетті

Қазақстандық студенттер АҚШ-та Philip C. Jessup атындағы құқық бойынша беделді халықаралық байқауда ең жоғары нәтиже көрсетті. Вашингтонда Мақсұт Нәрікбаев университетінің командасы заң меморандумын дайындау бойынша жазбаша сайыста 1-ші орынды және 100 елден жиылған 800-ден астам команда арасында ауызша өнер көрсету қорытындысы бойынша 12-ші орынды иеленді. Олар Американың жетекші жоғары оқу орындарын, сондай-ақ Колумбия, Филиппин және Италияның оқу орындарын басып озған. Айта кетейік, сайыс қатысушылар арасында БҰҰ Халықаралық сотындағы процестер имитациясы негізінде өтеді.

Рахымбек Конлимкос, Maqsut Narikbayev University командасының жаттықтырушысы:

- Ең басты 2 этап бар. Бірінші этап, жазба түрде, оны құқықтық жазба деп айтамыз. 2 меморандум жазу керек. Балаларға үйретіп, соның арқасында жақсы мемарандум жазып, әлемде ең бірінші орын алдық деп ойлаймын. Екіншіден, өнер көрсетудің өзі, алда үш судья отырады, олар ең үлкен көтерілген мәселені талқылауы керек болады.

Шынар Байтон, Maqsut Narikbayev University студенті:

- Барлық елден келген 800 команда Қазақстанды таныды. Бізге келіп: «Қазақстаннан келген командасыздар ғой, осындай жоғары нәтижелеріңізбен құттықтаймыз» деп жатты. Біз осы жетістігімізбен елімізді халықаралық аренада дәріптей алғанымызға өте қуаныштымыз!

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?