Қазақстан мен Италия ғалымдары бірлескен ғылыми жобаларды талқылады

Қазақстан мен Италия ғалымдары бірлескен ғылыми жобаларды талқылады

Қазақстан мен Италия ғалымдары бірлескен жобаларды талқылады. Астанада «Ғылым және шығармашылық» атты конференция өтті. Іс шараны елордадағы Nazarbayev University Қазақстандағы Италия Елшілігі және Италия мәдениет институтымен бірлесіп ұйымдастырды. Жиынға қатысушылар елімізде ортақ ғылыми бастамаларды жүзеге асырудың әлеуеті кең екенін алға тартады. Сарапшылардың пікірі саланы заманауи тұрғыда дамыту керек дегенге саяды. Яғни, іргелі зерттеу ісіне цифрландыру, жасанды интеллект мүмкіндіктері мен гуманитарлық және жаратылыстану-техникалық бағыттарды сабақтастырған абзал деседі. Бұған отандық мамандардың креативті индустрия саласындағы инновациялық өнертабыстары мысал бола алады.

Елтай Рахманов, Nazarbayev University медицина мектебінің оқытушысы:

- Ең бір инновациялық жобамыздың бірі кардиология саласындағы жобамыз - ол аз инвазивті әдістерді қолданып кардиологиядағы диагностикалық әдістерді жетілдіруге арналған жобаларымыз бар. Екінші жобамыз реабилитация саласындағы жобамыз, яғни Италияның үлкен инновациялық компаниялар Technobody, Technogym деген сияқты компаниялардың арқасында телереабилитациялық құрылғылар. Қазақстанның шалғайдағы елді мекендерге реабилитациялық көмектің қашықтан жеткізілуіне мүмкіндік туып отыр.

Антонелло де Риу, Қазақстандағы Италия елшісі:

- Италия Қазақстанмен мәдениет саласында да ынтымақтастық аясын кеңейтуге ниетті. Бұған жақында сіздердің елдеріңізде құрылған мәдениет институты дәлел. Бұл мекеме екі жақты байланысты дамытуға тың серпін береріне сенімдімін. Ол Алматыда орын тепкенімен бүкіл ел аумағы бойынша жұмыс істейді. Қазірдің өзінде бірқатар тың жоба іске асырылып жатыр. Мәселен, қазір Италя әдебиетінің жауһарларын қазақ тіліне аудару ісі қолға алынды.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?