Астанада Connected-2024 Халықаралық конференциясы өтіп жатыр

Қазақстан астанасына жаһанның болашағын талқылау және болжау қамында әлемнің 20 астам елінен бір жарым мыңға жуық делегат келді. Бұл қатарда білікті ғалымдар, футурологтар, экономистер, қоғам және мемлекет қайраткерлері, сондай-ақ заманауи инновациялар мен технологиялар саласындағы көшбасшылар, әлемдік БАҚ өкілдері бар. Олар елордада Connected -2024 халықаралық конференциясында бас қосты. Екі күн бойы сарапшылар әлемдегі үйлесімділікке қол жеткізу жолындағы өз көзқарастарын ұсынып, қазіргі заманғы сын-қатерлерге талдау жасайды.

Питер Франкопан, Оксфорд университетінің профессоры, Ұлыбритания:

- Егер де біз өткен уақыттарға көз жүгіртсек, жаңа технологиялар жаңа иерархиялық сатылар мен көптеген игілік әкелгенін көруге болады. Сауда-саттық біреуге пайда әкелесе енді біреулерге керісінше болуы мүмкін. Сондықтан, біз өткеннен сабақ ала білуіміз керек. Менің «Жібек жолы» атты кітабым осындай желілер жайында ақпарат береді. Осы жиында жасанды интеллект және ол біздің әлемді қалай жақсы жаққа өзгертетіні, сондай-ақ оның қоғамға қауіпсіз қазметін қамтамасыз ету туралы пікір алмастық.

Конференцияда талқыланған басты тақырыптың бірі - білім беру ынтымақтастығы арқылы адами капиталды дамыту. Қазақстанда әлемнің 23 жетекші жоғары оқу орны жұмыс істей бастағаннан бері қос диплом бағдарламалар қанат жайып келеді. Мұндай келісімді Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті мен түріктің Тоқат Ғазиосманпаш университетімен, сондай-ақ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Мәскеу авиациялық институты бекітті. Аталған уағдаластықтар  кәсіби кадрларды даярлауға, сондай-ақ жасанды интеллект және ғарыш технологиялары саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

Дмитрий Козорез, Мәскеу авиациялық институтының проректоры:

- Түлектер қызылордалық жоғары оқу орыны және Мәскеу авиациялық институтының дипломын иеленеді. Олар айти, ауыл шаруашылығы саласы, өндірістік кәсіпорындарда жұмыс істеуге қабілетті болып шығады. Бұл мамандықтар сұранысқа ие. Студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуі қарастырылған. 3 курста біздің Мәскеудегі зертханалық базада біліктілігін арттырып қайтады. Бұған қоса Қызылорда өңірінің кәсіпорындарында тәжірибеден өтеді.

Жеңіс Ермұқанов