Қазақстандық стартап Google грантын ұтып алды

Қазақстандық стартап Google грантын ұтып алды

Қазақстандық оқушының стартапына Кремний алқабы қызығушылық танытты. Павлодарлық оқушысы Игорь Мартынюктің TabAI компаниясы іргесін кеңейтіп, инфрақұрылымды дамытуға инвестициялар тартты. Сондай-ақ әйгілі ІТ алпауыт Google корпорациясының грантын ұтып алды. Ол адам зейінін басқаруға арналған жасанды интеллект көмекшісін әзірлеп шығарған. Жоба қолданушының күнделікті әрекеттерін саралап, тапсырмаларды жүйелеуге мүмкіндік береді. Дәл осы қазақстандық өнімді бүгінде әлем бойынша 20 мыңға жуық адам қолданады. Сарапшылар TabAI жобасын 2,5 млн долларға бағалап отыр.  

Игорь Мартынюк, Павлодар қ. инновациялық мектептің оқушысы:

- Ол сіз үшін не істеу керектігін, не істегеніңізді, ертеңгі жоспарыңызды, жинақтап береді. Яғни барлық контексті мессенджерлерді, экрандағы әрекеттерді, жалпы сіздің немен айналысып жатқаныңызды біріктіріп, жүйелейді. Стартапым дамып жатса, олар күзгі толық бағдарламаға шақыруы мүмкін. Ол жерде жарты млн доллар инвестиция беріледі.

Енді жас өнертапқыш ІТ бойынша тегін білім алуға мүмкіндік алып отыр. Яғни, қазақстандық оқушының жасына қарамастан танымал халықаралық акселератор оған ерекше жағдай жасап, YC Startup School бағдарламасына қатысуын толық қаржыландырмақ.

Татьяна Мигунова, Павлодар қ. инновациялық мектептің басшысы:

 - Жалпы, ол бұрын спортқа қызығатын, орта буында футбол ойнады. Ал 8-сыныптан бастап ақпараттық технологияларға қызығушылық таныта бастады. Жетістік бірден келген жоқ. Ол түрлі байқаулардың жеңімпазы, жүлдегері. Алғашында «Зерде» ғылыми жобаларынан бастаған.

Қазақстандық оқушы сондай-ақ AI саласындағы ең жылдам дамып келе жатқан стартаптардың бірі - Cursor компаниясының ресми амбассадоры болды. Бұл рөлде ол Қазақстанда және Орталық Азияда әзірлеушілер қоғамдастығын дамытады, AI-әзірлемелер мәдениетін дәріптей отырып, білім беру іс-шараларын, хакатондар мен митаптарды ұйымдастырады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?