540 мың қазақстандық студент Ai-Sana бағдарламасы аясында жасанды интеллект дағдыларын игерді

540 мың қазақстандық студент Ai-Sana бағдарламасы аясында жасанды интеллект дағдыларын игерді

540 мың қазақстандық студент жасанды интеллект дағдыларын игерді. Олар  елде іске қосылған AI-Sana бағдарламасы аясында Astana Hub, Google, Huawei, Coursera сынды платформаларында нейрондық желілерді басқарудың базалық курсынан өтті. Салалық министрлік білім беру бағдарламасы еңбек нарығына бейімделіп, экономикаға қажет мамандарды даярлауға бағытталғанын айтады. Яғни, ол  ауыл, су шаруашылығы, энергетика мамандықтары бойынша оқып жатқан студенттерге AI-кәсіпкерлік құзыреттерін меңгеріп, жасанды зейінге қатысты білімдерін кезең-кезеңмен тереңдетуге мүмкіндік береді. Мәселен, ендігі кезекте кәсіпкерлік, бағдарламалау, жасанды интеллект пен машиналық оқыту негіздерін игеретін 100 мың студентті іріктеу жоспарланып отыр.

Динара Щеглова, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі:

- Бағдарламаның 60 мың түлегі екінші кезеңге өтеді, оның шеңберінде олар өз жобаларын әзірлеп, бизнеске бағытталған дағдыларды дамытады. Осы бағдарламаның қорытындысы бойынша келесі жылдың соңына қарай біздің студенттер Alem.ai-да бағдарлама акселерациясы мен алдын ала акселерациясы кезеңінен өтуі үшін 1,5 мың жоба мен идея жасайды деп болжануда.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?