Қазақстандық шеберлер Гиннестің рекордтар кітабына енді

Қазақстандық шеберлер Гиннестің рекордтар кітабына енді

Қазақстандық шеберлер кезекті рет Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл жолы Павлодар облысының он саусағынан өнер тамған тігіншілері әлемдегі ең ұзын көрпені құрап шықты. Олар оны V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көпшілік назарына ұсынды. 11 200 метрлік көрпені дайындау кезінде шеберлер қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің көне дәстүрлерін басты назарға алып, қонақжайлылықты, молшылықты, тәуелсіздікті білдіретін түрлі ою-өрнектер мен түстерді пайдаланған.


Айман Сыздықова, қолөнер шебері:


- Енді осындай бір түріл оюменен өте сондай күрделі құрақпенен жұмыс берді бізге. Соны біз тоғыз ай бойы, осы көрпеменен шұғылдандық. Бұл ортада, «Ұзақ өмір сүру» орталығында біздің кішігірім кабинетіміз бар. Осы жерге жиналып, бәріміз бір адамдай. Бір-бірімізге ақыл-кеңесімізбен осындай көрпені дүниеге әкелдік.

Авторы Әсел Күшенғалиева