Қазақстанда көне қалашықтан құнды жәдігерлер табылды

Қазақстанда көне қалашықтан құнды жәдігерлер табылды

Қазақстандық ғалымдар ортағасырлық Кескен-Күйік қалашығынан қоладан құйылған екі асық тапты. Осылайша бұл қазақтың асық ату ойыны оғыз заманына тән екенін білдіреді дейді олар. Еске салайық, Кескен-Күйік оғыздардың бас қалаларының бірі болған. Көне қалашықты зерттеу жұмыстары қазір де жүргізіліп жатыр. Асықтардан бөлек қазба жұмыстары кезінде мыс теңгелер, қоладан жасалған жебе ұшы тәріздес киім ілмектері, сондай-ақ, түрлі-түсті моншақтар табылды.

Асхат Сайлау, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы:

- Зергерлік бұйымдар да бар, сол ерекше оғыздардың қолөнершілерінің, зергерлерінің жасаған керемет дүниесі. Оғыз мәдениеті, оғыз кезеңі біздің Сырдарияның бойындағы Сыр өңірі тарихы емес Қазақстанның тарихында үлкен кезең болды. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?