«Ер есімі - ел есінде». Ұлы Отан соғысының ардагері Шүкір Еркінов туралы кітап жарық көрді. Жазушы Төлеген Жаңабаев қазақ батырының ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттап жүр. Соғысқа 18 жасында аттанған жауынгер кескілескен ұрыс пен қанды шайқастың ортасында жүрді. Барлаушы батыс майданында көрсеткен ерен ерлігі үшін үш мәрте «Даңқ» орденімен марапатталған. Шүкір Еркінов 1945 жылдың сәуірінде неміс сарбаздары мен офицері отырған үйге жалғыз кіріп, 25 адамды тұтқынға алған.
Төлеген Жаңабаев, Жазушы:
- Екі адамды тірідей девизияға алып барған. Олар үлкен тіл берген, армияның қайда және қалай орналасқанын. Бұл Ұлы Жеңістің алдындағы ең соңғы ерлігі. Осы үшін «Даңқ» орденінің 1-дәрежесін берген. Бұл – ерекше ерлік.

