Қазақстандық сарбаздардың ас мәзіріне ұлттық тағамдар қосылады

Қазақстандық сарбаздардың ас мәзіріне ұлттық тағамдар қосылады

Асылған ет, сірне, наурыз-көже, нарын, кеспе, бауырсақ... Жақында отандық әскерилердің ас мәзіріне қазақтың ұлттық тағамдары қосылуы мүмкін. Бұндай бастаманы еліміздің Ұлттық ұланы көтеріп отыр. Сарапшылардың айтуынша, құнарлығы жоғары ұлттық тағамдар сарбаздардың иммунитетін күшейтіп, зат алмасу процесін жақсартады және қарқынды физикалық жүктемеден кейін олардың күш-қуатын тезірек қалпына келтіруге септеседі. Сондай-ақ, жаңа мәзір әскери қызметшілердің денсаулығын нығайтып қана қоймай, оларды отансүйгіш рухта тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Мамандар дәстүрлі тағамдар туған жерін еске салып, мәдени мұрамен байланысты арттырады деп есептейді.  


Медет Шайкенов, Тыл басқармасының азық-түлікпен қамтамасыз ету бөлімінің аға офицері:

- Әскери тамақтануға ұлттық тағамдарды енгізу – бұл аспаздық жаңалық қана емес, әскери қызметшілеріміздің жауынгерлік рухын нығайту мен мәдени бірегейлігін сақтаудағы маңызды қадам. Жаңа мәзірдің құрамындағы тағамдар алдын ала Қазақ тамақтану академиясының мақұлдауынан өтті.

Айта кетейік, жаңартылған мәзір былтыр Ұлттық ұлан әскерилері арасында сыналды. Сол кезде сарбаздар дәстүрлі тағамдардың тіл үйірер дәмі күш-жігерді арттырып, қызмет кезінде психологиялық көңіл-күйді жақсартатынын атап өтті.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?