Қазақстанда депутаттар әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейту туралы заңды мақұлдады. Сенат депутаттары 2-қаралымда тиісті жобаны қабылдады. Құжат Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша төменгі палата депутаттарымен дайындалды. Онда заңдар мен кодекстерге 70 астам түзету енгізілді.
Атап айтсақ, әйелдер мен балалардың мүдделерін қорғаудың құқықтық механизмдері мен оларға қарсы қылмыстың алдын алуға арналған шаралардың қолдану ережелері қарастырылуда. Тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша жауапкершілік те артады. Жалпы, халық қалаулыларының айтуынша, заң жобасы еліміздегі отбасы институтын нығайтуға және ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттауға бағытталады.
Ерекше атап өтерлігі, әр облыстағы әр ауданда отбасын қолдау орталықтары ашылып, қиын жағдайға тап болған жанұяларды анықтайтын мобильді топтар анықталмақ.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы
– Бұл заң жобасы, осы заңдар аясында өмірде қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдауға арналған ережелер қарастырылады. Осы арқылы тиісті уәкілетті органдардың өкілеттіктері айқындалады. Отбасын қолдау орталықтары және байланыс орталығы сияқты ұйымдардың құзыреттері де заңнамалық деңгейде белгіленеді. Заңдардың басты мақсаты – тек қана жауапкершілікті арттыру ғана емес, әйелдер мен балаларға қолдау көрсету.