Қазақстандық Әлім Бейсембаев Англияның Лидс қаласында өткен 20-шы пианистер байқауында үздік деп танылды. Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, отандық өнерпазға «Уотерман» алтын медалі мен қаржылай сыйақы табысталды. Сонымен қатар жеңімпаз Ливерпульдегі корольдік филармония қауымдастығы мен көрермен көзайымы сыйлығына ие болды. Бұған қоса Warner Classics-пен дауыс жазуға және Еуропа елдеріне турне жасауға мүмкіндік алды.
Әлім Бейсембаев – байқауда жеңіске жеткен тұңғыш қазақстандық өнерпаз екенін ерекше атап өту керек. Қазіргі уақытта дарын иесі – Лондондағы корольдік музыкалық колледжінің магистранты.
Автор: Жеңіс Ермұқанов