Абайдың мерейтойы: қазақстандықтар Ұлы ақынның шығармаларын жатқа оқыды

Абайдың мерейтойы: қазақстандықтар Ұлы ақынның шығармаларын жатқа оқыды

Қазақстандықтар Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған челлендждерді белсенді қолдайды. Әлеуметтік желілерде түрлі байқаулар кеңінен таралуда. Мәселен, көптеген пайдаланушылар, соның ішінде саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, медиа тұлғалары, студенттер мен қарапайым тұрғындар қазақтың ұлы ойшылы мен философының өлеңдерін жарыса оқуда.

Абай шығармаларын бағалаушылардың арасында Батыс Қазақстан облысынан келген IT инженері Павел Ерофее де бар. Ол мемлекеттік тілді еркін меңгерген және қазақ ақынының мерейтойы аясында өткен республикалық байқауда көзге түсті. Павел өзінің сүйікті ақынының әрбір өлең жолынан шабыт алып, рухани дамитынын мойындайды.

- Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Ал 10 тамыз - Абай күнінде - Павел ұлы ойшыл мен философтың туған жерінде өтетін мерекелік іс шараларға қатысады. Сол күні тағы бір челлендждің қорытындысы шығарылады. Онда қазақстандықтардың 10 сүйікті кітабының тізімі жарияланады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?