«Бозоқ» музей-қорығында археологиялық фестиваль өтті

«Бозоқ» музей-қорығында археологиялық фестиваль өтті

«Түнгі Бозоққа саяхат: алау аясындағы аңыздар». «Бозоқ» тарихи-мәдени музей-қорығында осындай атаумен археологиялық фестиваль өтті. Бұл көне қалашық - Орталық Қазақстанда алғаш кешенді зерттелген ескерткіш. Бүгін бұл ежелгі қоныс мемлекеттік тізімге енген. Айта кетейік, мәдени танымдық шара Халықаралық мұражайлар күні қарсаңында ұйымдастырылды. Алау аясында жиналған қауым тарихи мекеннің өткенімен танысып, ондағы халықтың әдет ғұрпының көріністерін тамашалады. Олардың бірі - отпен аластау арқылы тіл мен көзден сақтап, бәле-жаладан тазарту. Сондықтан көне заманда бекініс қабырғалары мен мұнараларына от жаққан. Бозоқ қалашығы Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан шаһар.


Марал Хабдулина, К. Ақышев атындағы археология ҒЗИ директоры:

- Әдетте жазда біз археологиялық ескерткіште қазба жұмыстарын жүргізіп, зерттеуді бастаймыз. Кіре беріс қабырғаларына от жағу – айтулы оқиға. Мұндай қақпа ортағасырлық қалалар үшін көрнекті нысан болған. Себебі, қақпа - керуен жолы, керуен бағыты. Яғни, осы қақпа арқылы керуен шаһарға кірген. Әр порталдың өз атауы бар. Яғни, солтүстік қақпа «Сарыарқа», оңтүстік қақпа «Дешті Қыпшақ» деп аталады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?