Қазақстандық опера әншісі Италиядағы байқауда жеңіске жетті

Қазақстандық опера әншісі Италиядағы байқауда жеңіске жетті

Қазақстандық опера әншісі Әйгерім Алтынбек XI Халықаралық CLIP 2025 опера байқауында жеңіске жетті. Өнерпаз байқаудың негізгі номинацияларында үздік атанып, абсолютті жеңімпаз болды. Сонымен қатар көрермен көзайымы жүлдесін, «Үздік әйел дауысы» марапатын және музыка сыншысы, әрі педагог Карло Майердың арнайы жүлдесін иеленді. Биылғы байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық өтінім түскен. Бірақ финалға небәрі 10 орындаушы өтті. Олар Портофино қаласының орталық алаңында Teatro Carlo Felice оркестрінің сүйемелдеуімен өткен гала-концертте өнер көрсетті. Айта кетейік, Әйгерім Алтынбектің бұл жетістігі тек еліміз үшін ғана емес Орталық Азия үшін серпіліс болды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев орындаушыны құттықтап, оның отандық өнерді әлемдік сахнада лайықты көрсеткенін атап өтті. Қазақстандық опера әншісімен Италия мен Оңтүстік Американың жетекші театрлары жұмыс істеуге ниет білдірді.

Әйгерім Алтынбек, Опера әншісі /Қазақстан/:

 – Мемлекет басшысының өзі құттықтайды деп күтпеген едім. Қазір өзімді сондай бақытты сезінемін! Биік шыңдарды бағындыруға дайынмын. Қазір Флоренциядағы Сан-Карло театры және Оңтүстік Америка театрлары тарапынан шақыртулар келіп жатыр. Алдағы екі жылда Миландағы Ля Скала театрымен бірге жұмыс істейміз, осы жылы мен Парма қаласындағы консерваторияның түлегі атанамын.

 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?