Қазақстандық өнімдер Израиль дүкен сөрелеріне жетті. Отандық тауар өндірушілер жаңа нарықтарды сәтті игеріп жатыр. Мысалы, Израильдің Петах-Тиква қаласындағы ең танымал супермаркеттен қазақстандық тәттілерді сатып алуға мүмкіндік бар. Жергілікті тұтынушылар жаңа өнімдерді сатып алып, бағалап та үлгерді.
Михаил Гольдштейн, импортер компаниясының өкілі:
– Өнімдердің сапасы өте жоғары. Бұрынғы кеңестік елдердің басқа өндірушілерінің өнімдерімен бәсекеге төзімділігін енді нарық көрсетеді. Бірақ сапасы жоғары екенін тағы да бір айтамын. Құрамында химиялық құрамдастары өте аз, керемет өнім.
Қазір Израиль компаниялары макарон мен балық өнімдерінің, тосап жеткізілімдерін ұйымдастыру бойынша қазақстандық өндірушілермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Көлік-логистикалық мәселелер де шешімін таппақ.
Сатыбалды Бұршақов, Қазақстанның Израильдегі төтенше және өкілетті елшісі:
– Нұр-Сұлтан қаласында сауда-экономикалық ынтымақсатық бойынша үкіметаралық комиссияның мәжілісін өткізу жоспарда бар. Қазір Израиль және Қазақстан арасындағы экспорт-импорт үлесін талдап жатырмыз. Сондай-ақ, қос елдің кәсіпкерлері үшін бизнес форум өткізу көзделуде.