Атап айтқанда, олар – құрылыс индустриясы, химия, ағаш өңдеу өнеркәсібі, фармацевтика және машина жасау салаларындағы жаңа кәсіпорындар. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. Жобалардың басты инвесторы – түрік кәсіпкерлері. Мәселен, түрік компанияларының бірі құны 2 млрд теңгеден көп медициналық бұйымдар шығаратын зауытқа салым салған. Тағы бір инвестор қалада металл бұйымдар, поливинилхлорид терезелер, витраждар, медициналық жабдықтар өндірісін жолға қойды. Оның құны ұлттық валютамен есептегенде 21 миллиардтан асып жығылады. Сондай-ақ Астанада құрылыс материалдарын, лак-бояу өнімдерін шығаратын зауыттар, үй құрылысы комбинаты және арнайы техника мен жиһаз жинайтын кәсіпорындар іске қосылды. Әкімдіктің берген мәлімдемесіне сәйкес, инвестициялық жобалардың әрқайсысында қосымша жұмыс орындары ашылған.