Қазақстан мен БАӘ цифрландыру саласында ынтымақтастықты арттырады

Қазақстан мен БАӘ цифрландыру саласында ынтымақтастықты арттырады

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері технология саласындағы ынтымақтастықты арттырады. Тараптар біздің елде Орталық Азиядағы алғашқы компьютер кластерін салуға уағдаласты. Бұл – маңызды келісімдердің бірі. NVIDIA (Энвидиа) чиптері базасында жүзеге асырылатын жоба Қазақстанның цифрлық саласын дамытып қана қоймай, ІТ-мамандар даярлауға да мүмкіндік береді.


Жаслан Мадиев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:


- «Бұл суперкомпьютер жасанды интеллект модельдерін жаттықтыруға көмектеседі. Стартаптар үшін пайдалы болуы да мүмкін. Себебі олардың өнімдері жасанды интеллект базасында негізделген.  Сондай-ақ, оны университеттер өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін пайдалана алады. Сонымен қатар, қазір танымал болған жасанды интеллект-агенттерін іске қосып жатқан мемлекеттік органдар қолданады».


Сонымен қатар, Қазақстанда деректерді өңдеу орталығы құрылады. Ол Астанадағы Smart City цифрлық инфрақұрылымына қызмет көрсетеді. Жоба Біріккен Араб Әмірліктері компанияларының қатысуымен жүзеге асырылады.


Мақсат Қошымбаев, Presight Ai компаниясы қазақстандық кеңсесінің жетекшісі:

- «Smart City жобасы қаланың цифрлық «сыңарын» құруды және оқиғаларды басқаруды көздейді. Яғни, қалалық қызметтердің барлық жұмыс ережелері цифрлық платформаға ауыстырылады. Бұл шаһарды тиімді басқару үшін үйлестіруді жеделдетеді».

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?