Астанада XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтіп жатыр.
Бес күн бойы жалғасатын жарыста математика, физика және информатика пәндері
бойынша үздік оқушылар анықталады. Бұл сында озық атану үшін қатысушылар екі
турды мүдірмей бағындыруы керек. Олимпиада тапсырмаларын халықаралық қазылар
алқасы құрастырды. Оларды шешу үшін 15 елден келген 700-ге жуық оқушы Қазақстан
астанасында бас қосты. Жалпы біздің елімізге Орталық Азия мен ТМД және Түркия,
Грузия, Болгария, Румыния, Сербия және Моңғолия мектептерінің озат шәкірттері
келді. Командалар Ұлттық олимпиадалардың қорытындысы бойынша іріктелді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс жастар арасында физика-математика
ғылымдарын дәріптеуге, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және білім беру
мекемелерінің өзара тәжірибе алмасып, шеберлік бөлісуге ықпал етеді.
Самал Қуанбай,
Оқушы:
- Осы менің
халықаралық олимпиадаға қатысып жатқан ең бірінші уақытым. Осы жарыста
олимпиаданың деңгейі өте жоғары екенін байқадым. Бұл жарыста біз тек қана
өзіміздің мектебіміздің, облысымыздың ғана емес, бүкіл Қазақстанның абройын
қорғаймыз. Сондықтан бәсекелестік өте жоғары.
Илья Қазымбек,
Оқушы:
- Бұл менің
осымен үшінші олимпиадаға қатысуым. Алғашында жүлдесіз қайттым. Өткен жылы
күміс медаль иелендім. Биыл көрсеткіш оданда биік боларына сенімдімін. Жалпы
тапсырмалар қызықты болды. Олардың күрделілігі жайында әзірге ештеңе айта
алмаймын. Себебі осы жарыстың шешімі шыққан жоқ. Берген жауаптарым дұрыс
болғанына үмітім мол.
Авторы: Жеңіс
Ермұқанов.

