Астанада өткен форумда
қазақстанда жасалған бірінші чиптің негізінде жартылай өткізгіштер саласының
келешегі талқыланды. Сарапшылар цифрлық жобалау мен микросхемаларды тексеру
саласында мамандар дайындау мәселесіне баса назар аударды. Чипті жасап шығарған
ғалым Нұрсұлтан Қабылқас қазір кадрларды даярлады. Тағы 500 инженерді оқытуға
дайын. Ғалымның айтуынша, ол бизнес-экожүйесін іске қосқаннан кейін, Қазақстанда
отандық техника шығарып қана қоймай, чиптерді де экспорттай аламыз. Болашақта суперкомпьютерлер
үшін жартылай өткізгіштер жасау жоспарланып отыр.
Нұрсұлтан Қабылқас, Ғалым:
- Суперкомпьютерлер мен машиналық білім берудің деректерін өңдеу үшін мықты
процессорлар керек. Біз сол бағытта да жұмыс істеп жатырмыз. Егер коммерциялық
жоба ретінде қарастыратын болсақ, Қазақстанда дизайн-хабтар ашуға болады. Бұл -
микропроцессорларды жобалай алатын мамандар мен құрылғы шоғырланған мекеме.
Егер осы экожүйені қалыптастырсақ, шет елден зияткерлік меншік, яғни IP жасау
үшін тапсырыстар аламыз.

