Қазақстанда жаңа креативті индустрия орталықтары ашылады

Қазақстанда жаңа креативті индустрия орталықтары ашылады

Биыл Қазақстанда 8 креативті индустрия орталығы ашылады. Жаңа нысандар жыл соңына дейін Алматы қаласы және бірқатар өңірде бой көтереді. Сондай-ақ, елімізде осы саланы дамыту үшін жетекші шығармашылық және білім беру ұйымдарының қатысуымен арнайы қор құрылмақ. Басты мақсат - дарын иелерін іріктеп, түрлі байқаулар ұйымдастыру және жобаларға инвестиция тарту. Бұдан өзге, қор қазақстандық тың бастамалардың әлемдік кеңістікке шығуына және авторлық құқықты қорғауға өз септігін тигізеді. Жалпы, қазір елімізде бұл  бағыт белсенді дамып келеді. Креативті индустрия орталықтарын құру ісі 12 өңірде үйлестірілген. Айта кетейік, Қазақстан былтыр Жаһандық инновациялық индексінің нәтижесінде «Креативті өнімдер мен қызметтер» көрсеткіші бойынша 93-орыннан 65-орынға көтерілген болатын.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?