184 отандасымызға «Болашақ» стипендиясы тағайындалды

184 отандасымызға «Болашақ» стипендиясы тағайындалды

Республикалық комиссияның шешімімен 184 отандасымызға «Болашақ» стипендиясы тағайындалды. Олар магистратура және докторантура бағыттары бойынша әлемнің үздік университеттерінде білім алады. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринның төрағалығымен Шетелде кадрлар дайындау жөніндегі республикалық комиссиясының кезекті отырысы өтті. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша отандық ғалымдардың әлемдегі жетекші ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту мәселесі де қаралды. «Ғылыми тағылымдамаға грант бөлу кезінде отандық ғылымның басым бағыттарының барлығы қамтылуы тиіс», - деді Ерлан Қарин.

Жиынды қорытындылай келе, мемлекеттік кеңесші «Болашақ» стипендиясы мен ғылыми тағылымдама бағдарламасына конкурстық іріктеуді жалғастыру мен одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.