Қазақстандық оқушылар теміржол қауіпсіздігін арттыратын жоба ойлап тапты

Қазақстандық оқушылар теміржол қауіпсіздігін арттыратын жоба ойлап тапты

Рельстер түйіскен сәттегі дыбысты азайтып, шойынжолдың беріктігін арттыра түсетін инновация. Елордалық мектеп оқушылары Дінмұхаммед Матай мен Әмір Жәнібекке олимпиадаға барар жолда пойыз дөңгелектерінің дауысы ұйықтауға мүмкіндік бермепті.  Осы мәселені шешу қамында олар бірлесіп жаңа жоба ойлап тапты. Жас өнертапқыштар осы бастаманың аясында шу деңгейін төмендетіп қана қоймай, теміржолдың тозуын әлдеқайда азайтатын бірегей шешімге келді.   


Дінмұхаммед Матай, жоба авторы:


- Пойыз дөңгелектерінің дыбысы шықпас үшін 2 рельс арасына температуралық саңылау қалдыру керек. Саңылау қыста рельстердің қысқаруы, ал жазда олардың ұзаруы үшін қажет.

Әмір Жәнібек, жоба авторы:


- Дөңгелектер көтеріліп рельске түскен сәтте қатты соқы болады.  Біздің идеямыз сол температура саңылауын қалдырып, рельстің үзіндісін үздіксіз ету. Яғни, дөңгелектер саңылауға кіріп дыбыс шығармайды. Сондай-ақ, ұзақ уақыт бойы қауіпсіз қызмет тетеді.

Темір жол саласының мамандары бұл инжинерлік тұрғыдан өзекті жоба кәдеге жарауы әбден мүмкін дейді. Отандық оқушылар ұсынып отырған дөңгелектер арасындағы саңлаулар рельстерді ауа райының тылсым мінезі салдарынан тозбаудан қорғайды. Бірегей шешімнің арқасында енді барлық рельстерді ауыстыру қажет емес. Тек олардың арасына арнайы байланыстырғыш бөлшек орнату қажет. Осының арқасында теміржол инфрақұрылымының қауіпсіздігі мен тиімділігі артады, дейді мамандар. Сондай-ақ жөндеуге кететін шығынды азайтуға септеспек. Осының қамында елордалық оқушылар жыл бойы түрлі есептеулер жүргізіп, 3D-макеттер жасады. Ұлттық тасымалдаушы жобаға қызығушылық танытып отыр.

Арнұр Қазыбеков, жоба жетекшісі:


- Бастапқыда бұл тек кезекті олимпиаданың өңірлік жобасына дайындық болды. Қазақстан темір жолының басшылығы бізді кездесуге шақырды. Жобаға толық сараптамалық қолдау көрсететуге және қажет болған жағдайда ұлттық компания біздің модельге сай осындай рельсті жасауға дайын екендерін жеткізді.

Инновациялық шешім Қазақстанда төрт бірдей патент алды. Қазір Женевада халықаралық тіркеуге дайындалуда. Яғни, отандық оқушылардың өнертабысы елімізбен қатар халықаралық темір жол саласының дамуына да үлес қоспақ. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?