Бүгін Халықаралық кітап сыйлау күні. Адамзатты кітап оқуға үндейтін ерекше
мейрам алғаш рет Қарағандыдағы жаңа Жайлы мектепте де атап өтілді. Білім ошағының жақында ғана жаңа
басылымдармен толыққан өз кітапханасы бар. Оның қорында - Жүсіп Баласағұнның
«Құтты білік» атты ежелгі дастаны сақтаулы. Кезінде ойшыл оны ханға тарту еткен. Сарапшылардың
пікірінше дәл сол кезде түркі халықтарында кітап сыйлау дәстүрі пайда болды.
Гүлзат
Әбеуова, кітапханашы:
-
Түркі философы Жүсіп Баласағұн 1070 жылы «Құтты білік»
төл шығармасын Сүлеймен Арыслан ханға тарту еткен. Сол кезден бері кітап сыйлау
дәстүрі пайда болды деп ойлаймын.

