Қазақстандық оқушылар робототехника бойынша әлемнің 4 дүркін чемпионы атанды

Қазақстандық оқушылар робототехника бойынша әлемнің 4 дүркін чемпионы атанды

Қазақстан - халықаралық STEM-білім сайысында абсолютті чемпион атанып, жаңа рекорд орнатты. Панамада өткен Дүниежүзілік FIRST Global Challenge олимпиадасында қазақстандық оқушылар жеңіске жетті. Ұлттық құрама осымен төртінші рет қатарынан алтын еншіледі. Бұған дейін 2022 жылы Женевада, 2023 жылы Сингапурда, былтыр Грецияда өткен сайыстарда Қазақстан құрамасы топ жарған. Осылайша, біздің команда дәл осы доданың тарихындағы теңдессіз нәтиже көрсетті. Биылғы сайыс экологияны қорғау тақырыбы аясында өтті. Отандық өнертабыс инженерлік шешімнің дербес жұмыс істеу қабілеті мен жасалу шеберлігі үшін қосымша марапаттар иеленді.


Әлімжан Жанділдәұлы, Алматы Қ. НЗМ оқушысы:

- Бұл ойынның мақсаты әрқайсысы жеке экожүйе ретінде ұсынылған 3 мұнара арасындағы тепе-теңдікті сақтау. Роботтар берілген доптарды тиісті экожүйеге жинауы тиіс. Біздің ұсынған шешіміміз өзге ел қатысушыларымен салыстырғанда барынша оңай болды. Командамыз дараланып көзге түсті. Біздің роботымыз қарапайым, бірақ аса тиімді жұмыс істейді, бастысы, барынша бұзылмайтын сапалы құрылғы.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?