Қазақстанда дрон басқарушы мамандары оқытылады

Қазақстанда дрон басқарушы мамандары оқытылады

Түркістан облысында дрон бақылаушы мамандар оқытылады. Жаңа мамандық Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің оқу бағдарламасына енді. Сондай-ақ, кәсіптік білім ордасы жаңа оқу жылынан бастап жылыжай мен көгалдандыру ісінің мамандарын даярлауды да қолға алмақшы. Бұл өңірде салынатын ұшу аппараттын шығаратын зауыт пен аграрлы өлкедегі кадрлық тапшылығын шешуге септігін тигізбек. Үстіміздегі жыл басында қытайлық компаниялардың бірімен дрон шығаратын зауыт ашу туралы келісім жасалды. Ауыл шаруашлығына қажетті маман даярлап жүрген колледж уағдаластық аясында ұстаздарын аспан асты елінде тағлымдамадан өтуге жібермек.

Бағлан Шығанов, Колледж директоры:

- Ұшу дронын ашу себебіміз шегірткеге қарсы ,одан кейін ауыл шаруашылық дақылдарына пидцециттер шашу керекті дәрі-дәрмектер шашуға таптырмас мамандықтың бірі. Екінші Келес ауданында экокультура жылыжай салынып жатыр. Ол жерге кемінде 5 мыңдай адам жұмыспен қамтылады. Соны жоспарға алып келешекте түлектер сол жерге жұмысқа жіберу жоспарымыз бар.

Әйгерім Зуатдинова болашақ программист. ІТ саласына деген қызығушылығы 9 сыныптан кейін колледже ауысуына негіз болған. Қазір компьютер тілін жеткі меңгеріп алған. Жасанды интеллект жұмысымды жеңілдетіп, тапсырманы дер кезінде әрі сапалы орындауыма мүмкіндік берді, дейді студент.

Әйгерім Зуатдинова, Студент:

- Көп жағдайда код жазу немесе кесте құру сияқты тапсырмаларды мен осы жасанды интеллектпен жеңіл түрде жасай аламын. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?