Қазақстандық өнертапқыш өз қолымен квадрокоптер құрастырып шығарды.
Қашықтан басқарылатын бірорындық ұшқышсыз үшатын аппараттың 120 келі жүк
көтеруге қауқы жетеді. Шымкент тұрғыны Филипп
Герасимов «Болашақ машинасын» жасауға үш жыл уақытын жұмсағанын айтады. Өнертапқыштың
сөзінше, бүкіл Орта Азияда бұл модельдің баламасы жоқ. Енді ол ойлап тапқан
бірегей құрылғысын одан әрі жетілдіруді жоспарлап отыр. Жас маман жобаны халықтың
пайдасына жарайтын деңгейге жеткізуді көздейді. Коптер қарапайым таксиді
алмастырып, жедел әрекет ететін қызметтерге көмекші құрал бола алатынын алға
тартады.
Филипп Герасимов, Өнертапқыш:
- Мен оны түрлі салаларда қолдана
алатын бизнес-идея ретінде ұсынбақпын. Мәселен, өрт сөндіруге, құтқару
операцияларына, медицинада тасымал құралы ретінде пайдалануға болады. Мына жақтауы
адам отыруға арналған. Негізі кез келген мақсатта жақтау жасап қоюға болады. Ол
басқаруға, бөлшектерді алмастыруға ешқандай кедергі келтірмейді. Яғни, оны Басқа
жақтауына көшіріп қойса болғаны. Мен бұл құрылғым арнайы қызметтерде ел
игілігіне жұмсалғанын қалаймын.
Автор бұл туындысы оны арманына
жақындата түсті деп санайды. Филипп Герасимов болашақта марс пен айда жүретін
көлік жасауды мақсат тұтады.

