Ертең Қазақстанның бас қаласында Астана Халықаралық форумы басталады. Оның негізгі тақырыптарының бірі - жасанды интеллект. Сондай-ақ, іс шарада қатысушылар заманауи Алатау қаласын дамыту мен қаржылық технологияларды қолдану мәселелерін талқылауға ниетті. Еліміздің Цифрлық даму министрлігі жиналғандарға Орталық Азиядағы цифрлық хабтың келешегі мен мүмкіндіктерін ұсынады.
Сырым Сатанов, ҚР ЦДИАӨМ инвестициялар
жөніндегі басқарма жетекшісі:
- Басты мақсат - қатысушыларды
тарту. Цифрлық технологияларды дамыту Қазақстанда басым бағыттардың бірі екенін
айтқымыз келеді. Мүдделі тұлғаларды тікелей тарту үшін сауалдарына жауап
береміз. Біз де уақытпен ілесіп келе жатқанымызды көрсетуіміз керек. Ұлттық
жасанды интеллект орталығын құру туралы айтатын болсақ, ол тек Қазақстан үшін ғана
дегенді білдірмейді. Негізінде Қазақстан өзін Орталық Азия елдерінің арасында
технологиялық көшбасшы ретінде көрсетеді деп ойлаймын. Бұл бүкіл аймақтың
дамуына оң әсер етеді.

