Қазақстанда «Smart Daryn» ұлттық цифрлық платформасы құрылады. Еліміздің
дарынды оқушылары мен педагогтарын қолдау қамында әзірленген жобаны келесі
айдан бастап іске қосу жоспарланған. Тұғырнама пайдаланушыларды республикалық
және халықаралық жарыстарға дайындау құралына айналмақ. Электрондық жүйеде
тәжірибелі тәлімгерлерден онлайн сабақтар мен кеңестер алуға болады. Бұдан
басқа, түрлі білім сындарындағы барлық үрдістердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін аталған алаңда онлайн-олимпиадалар мен байқаулар
өткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар, дарынды балалар тың жүйенің көмегімен
мамандандырылған мектептерге түсу емтихандарын тапсыра алады деп күтілуде.
Бүгінде Қазақстанда олардың саны 130-дан асады.
Әділет Қартов, «Smart Daryn» цифрлық тұғырнамасын құрастырушы:
- Платформа бірінші кезекте жұмыс барысын автоматтандыру үшін арналған. Жалпы
бұған дейін біз олимпиадалар мен өзгеде білім додаларын, оқу үрдісіне қатысты іс-шараларды
әртүрлі тұғырнамаларда ұйымдастырып келдік. Бұл деректерге және сертификаттарды
беру кезінде біршама кедергі тудыратын. Қажетті мәліметтерді алу мүмкін
болғанымен бұл жұмыс ұзақ уақытты талап етеді. Енді бұның бәрін бір ғана жерден
табуға болады. Ортақ тұғырнама кез-келген жылдың немесе шараның сараптамалық
талдауларын жасауға мүмкіндік береді. Жалпы
қолдан жасаудан қорғауға ден қойылды. Әрбір сертификат, диплом және құжатта
белгілі бір QR коды болады. Ол бойынша өтіп, оның шынайы екенін көруге болады.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

