Қазақстандық ғалымдар күріш қалдығын қалтарыста қалдырмаудың тың әдістерін тапты. Қазір мамандар оны кәдеге жара бастады. Сары сабан әсіресе жерді тыңайтуға таптырмас құрал. Ол мал азығы ретінде ғана емес, биогумус тыңайтқышына пайдаланып отыр. Ал, қауызынан көмір мен шыны өндірісіне арналған таза кремний диоксидін алуға болады екен.
Сәкен Қанжар, Физика-химиялық талдау зертханасының инженері:
- Біздің команда күріштің қауызынан және сабанынан белсендірілген көмір
алған болатын. Және осы белсендірілген көмірді қазіргі таңда су тазалау
фильтрлерінде орнатып, қазір тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Одан бөлек
күріштің қауызынан кремний диоксдін таза күйінде, 99,9 пайыз таза бөліп алған
болатынбыз. Бұл бізде шынының шикізаты болып табылады.

