Қазақстандық қос жеткіншек АҚШ-та өтетін технологиялық байқауға аттанады. 8 жасар Айша мен Ева жасанды интеллект арқылы мобильді қосымша ойлап тапқан. Ол тілі мен құлағында мүкістігі бар балалардың сөйлеу мен есту қабілетін дамытуға көмектеседі. Енді төл өнертабысын жас дарындар Кремний алқабында қорғамақ. Онда «Technovation girls 2024» Халықаралық IT сайыстың ақтық сыны өтеді. Оған әлемнің 70 елінің жеткіншектері қатысады.
Айша Есет, Technovation Girls 2024 байқауының финалисті:
- Ева екеуміздің Айлина есімді құрбымыз бар. Ол туғаннан есту қабілетінен айрылған. Біз оның өзге балалар сияқты жүруін қалағандықтан, осы қосымшаны ойлап таптық.
Ева Журкина, Technovation Girls 2024 байқауының финалисті:
- Бұл қосымша болашақта
миллиондаған бүлдіршінге көмектеседі деп сенеміз. Енді оның қолданыс аясын
кеңейтуді ойлап жүрміз. Сондықтан, бағдарлама тілдерін көбейтеміз.