Ұлттық цифрлық инфрақұрылымды одан әрі өркендету, экономика мен әлеуметтік салаларға жасанды интеллектіні енгізу, сондай-ақ мемлекеттік цифрлық қызмет көрсетудің сапасын арттыру. Қазақстан Президенті жаңадан тағайындалған Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке осындай тапсырма берді. Қасым-Жомарт Тоқаев білікті мамандар даярлау мен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, Жолдауда белгіленген Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру жөніндегі басым мақсаттарды нақты іске асыруды жүктеді.

