Қазақстандық оқушы зағип жандарға арналған бірегей инновациялық бас киім ойлап тапты. Қостанайлық шәкірт «ақылды қалпақ» көру қабілеті нашар адамдар үшін таптырмас көмекші болатынын айтады. Өнертабыс олардың қалалық ортада қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етеді. Ерекше бас киім айналаны сканерлейтін камералар және сенсорлармен жабдықталған. Жасанды интеллект нақты уақыт режимінде алынған деректерді талдап дауыс белгілері арқылы оның иесіне жолдағы кедергілер, биіктіктің өзгеруі сынды қозғалысына маңызды мәліметтер туралы хабарлайды. Сонымен қатар, оған GPS жүйесін орнатып, оны смартфонға қосуға болады. Бұл дауыстық хабарландырулар арқылы күнделікті оқиғалар немесе ауа райы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Өнертапқыш зағип жандардың кеңістікте емін-еркін жүруіне мүмкіндік беретін құрылғыны жаппай өндіріс жолына қоюға ниетті.
Леонид Напрасный, өнертапқыш:
- Болашақта арнайы есту аппараты бар адамдар үшін қосымша платалық
бағдарламаны орнатқымыз келеді. Оны есту аппаратына қосу арқылы дыбыстық
сигналдардың тазалығын қамтамасыз етеміз. Бұдан соң егер өздігінен жүре
алмайтын адам мүгедектер арбасына таңылса немесе арнайы таяқтың көмегіне тәулді
болса онда жасанды интеллект айналадағы қозғалысына кедергі болуы мүмкін нысандар
мен жақында жүрген көліктер жайында ақпарат береді.
Жеңіс Ермұқанов